Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бузулук отдела образования по Есильского района управления образования Акмолинской области".
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бузулук отдела образования по Есильского района управления образования Акмолинской области".

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді. Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, " Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады); 2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) (" Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог; 3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия); 4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы; 5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі; 6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия; 7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының ( портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы; 8) біліктілік санаты – "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі; 9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі; 10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі; 11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган. 3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер ( орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі 4. Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізеді. Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер ( орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді. 5. ПББ аттестатталушының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі. 6. ПББ мынадай тапсырмалардан тұрады: 1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары педагогтері үшін: "Мектепке дейінгі педагогика және психология" – жиырма тапсырма; "Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма; 2) бастауыш білім беру педагогтері үшін: "Пәндік білім" - отыз тапсырма; "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма; 3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін: "Пәндік білім" - отыз тапсырма; "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма; 4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін: "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма; "Психология негіздері" - жиырма тапсырма; 5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін: "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма; "Психология негіздері" - жиырма тапсырма; 6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін: "Бейіні бойынша пәндік білім" - отыз тапсырма; "Арнайы педагогика және психология" - жиырма тапсырма; 7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ( оқу-өндірістік комбинаттары) үшін: жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін: "Пәндік білім" – отыз тапсырма; "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма; басқа лауазымдардың педагогтері үшін: "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма; "Психология негіздері" - жиырма тапсырма; 8) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін: "Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы: 9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін: "Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу" - елу тапсырма. 7. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады: 1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін: "педагог" біліктілік санаты - 50%; "педагог-модератор" біліктілік санаты - 60%; "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70%; "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80%; "педагог-шебер" біліктілік санаты - 90%. 2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%; 3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін: "педагог" біліктілік санаты - 50 %; "педагог-модератор" біліктілік санаты - 60 %; "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70 %; "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80 %; "педагог-шебер" біліктілік санаты - 90 %. Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлінеді. 8. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы: педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут; білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут; мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут беріледі. 9. ПББ: педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде; мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін; тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді. Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайды. 10. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін қызмет нәтижелерін таныстыра отырып, сондай-ақ Комиссия отырысында әңгімелесу өтеді. Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға болмай құрылымдық бөлімше болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді. 11. ПББ жүргізу кезінде: тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге; ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға; дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға; педагогтердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан ( компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 2 (екі) реттен артық шықпауға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға; жанындағы адаммен сөйлесуға, бір орыннан екінші орынға ауысуға; жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға; аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды: мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod ( Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF ( ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) енгізуге; аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін, калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге; аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) түрлі форматтағы қағаздарды шығаруға рұқсат етілмейді. 12. ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді. ПББ өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді. 13. ПББ басталғанға дейін орнына отырғызылған соң тестілеу кезінде нұсқаулық жүргізіледі. 14. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері байқаушы ретінде қатысады. Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзған жағдайда бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі. 15. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мүгедектікті анықтау туралы құжат болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда көмекшіні ұсыну қажеттігі қосымша көрсетіледі. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды. 16. ПББ өткізген уақытында немесе тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады. 17. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды. Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды. 18. Апелляция мынадай жағдайларда: 1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша: дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде; дұрыс жауап болмағанда; бірден көп дұрыс жауап болғанда; тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда; 2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында техникалық себеп бойынша қаралады. 19. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады. 20. Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді. Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады. Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. 21. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен ұйымда бір жыл сақталады. Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. 22. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің "жеке кабинетіне" жіберіледі. Педагогтердің ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады. 23. ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық дерекқорын сақтау бес жыл ішінде қамтамасыз етіледі. 24. ПББ өту кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі. 25. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей: жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – "педагог-модератор"; жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын береді. Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі. Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. 26. Комиссия өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей: Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты ( сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг ту адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пас энд эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-модератор" біліктілік санатын береді. қолданыстағы Дэлта DELTA сертификаты (диплом ин инглш лэнгуидж тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-сарапшы" біліктілік санатын береді. Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі. 27. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғаліміне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді: 1) "педагог-модератор": ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test ( іBT) – 79-84 балл; француз тілі: дельф (DELF) – В2; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2. 2) "педагог-сарапшы": ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test ( іBT)) – 85-93 балл; француз тілі: дельф (DELF) – В2; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2; 3) "педагог-зерттеуші": ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 ( нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners). француз тілі: Дельф (DELF) – С1; неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1; 4) "педагог-шебер": ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бе


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.04.2024 13:17
Құрылған күні: 18.04.2024 13:25

Текст