Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бузулук отдела образования по Есильского района управления образования Акмолинской области".
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бузулук отдела образования по Есильского района управления образования Акмолинской области".

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайланыз ВИРУС

28.01.2020

ДДҰ 2019-nCoV деп белгілеген жаңа коронавирус (қыт. 2019新型冠狀病毒)[1][2], сондай-ақ Ухань коронавирусыУханьдағы теңіз өнімдерін сататын базардағы пневмония вирусы және Ухань пневмониясы деген атаумен танымал[3] — оң мәнді, біржіпшелі-РНҚ құрамды коронавирус. Алғашқы күдікті жағдай туралы ДДСҰ-ға 2019 жылдың 31 желтоқсанында хабарланды, ал ауру симптоматикасы бар алғаш науқас үш апта бұрын, 2019 жылдың 8 желтоқсанында тіркелген. 2019-20 жылғы Уханьдағы жаңа коронавирус індеті кезінде пневмонияға шалдыққан науқастың оң сынамасында нуклеин қышқылы зерттеліп, вирус геномы секвенделді.[4][5][6].

2020 жылдың 20 қаңтары Қытайдың Гуандун провинциясында вирустың адамнан адамға берілетіні дәлелденді[7]. Әзірге вирусқа қарсы арнайы ем шықпады.

Қазіргі кезде вирусты 2065 адамның жұрықтырғаны, 56 адамның қайтыс болғаны, ал 49 адамның сауыққаны белгілі.

Вирустың таралуы[өңдеу]

25 қаңтардағы вирустың таралу қартасы. Қызыл — дәлелденгн жағдайлар, көк — күдікті жағдайлар.

Вирус Қытай (2033 адам жұқтырған)[8][9]Тайланд (5), Гонконг (5), Аустралия (4) Сингапур (3), Тайвань (3), Франция (3), Жапония (2), Малайзия (3), Макао (2), Вьетнам (2), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1) елдерінде анықталған. 26 адамның қайтыс болғаны белгілі (барлығы Қытайдан)[8].

Әйгіленімдері мен клиникалық көрінісі[өңдеу]

2019-nCoV коронавирусының белгілері пневмония не ауыр жіті респираторлы синдром әйгіленімдеріне ұқсас:

Кеуде торы рентгенографиясында екі өкпенің бірдей зақымдалуын көруге болады. Ауруханаға түскен кездегі өмір көрсеткіштері (дене қызымы, жүректің жиырылу жиілігі не пульстыныс жиілігіқан қысымы) тұрақты. Қан талдауында лейкоциттердің төмендеуі (лейкопеня мен лимфопения) анықталады.

Инкубациялық кезең 6-12 күнге созылады. Егер адамнан адамға жұқса, бес күннен аспайды. Көбіне жануардан берілген кезде инкубациялық кезеңнің ұзаруы жүреді.

Мәліметтерді алдын ала талдау нәтижесі бойынша науқас адаммен жанасқанда жұқпалылықтың жоғарылауы анықталған.

Вирустың адамнан адамға берілетіні анықталып, дәлелденді[12].

Алдын алу және емі[өңдеу]

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV коронавирусын жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет ұсынымдар жариялады[13]:

  • қолды жиі сабынмен не спиртті ерітінділермен жуу;
  • жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды білекпен не матамен жабу (кейін матаны лақтыра салған жөн);
  • дене қызымы бар не жөтелген адаммен қатты жақындаспау;
  • шикі не толық піспеген жануартекті өнімдерді тұтынбау.

Дәл қазір вирусқа қарсы арнайы ем жоқ, алайда бұрыннан бар вирусқақарсы препараттар негізінде шығарылуы мүмкін[14].

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст